«Агран» ЖШС қасбеттік панельдері — ғимараттардың қабырғалары мен қасбеттерін қаптауға арналған заманауи құрылыс материалы. Ғимаратты қасбеттік панельдермен қаптау кезінде іргетас пен жүк көтергіш конструкциялардың беріктігін арттырудың қажеті жоқ, бұл оларды ғимаратты реконструкциялау (қайта жаңғырту) кезінде тамаша материалға айналдырады. Қасбеттік панельдер ғимараттарға еуропалық қатаң стиль мен сыртқы көріністің ерекшелігін береді.
Қасбеттік панельдер үйді атмосфералық әсерлерден ұзақ әрі сенімді қорғайды, өйткені олар жасалған мырышталған болат жоғары беріктікке ие және температура өзгерген кезде өзінің физикалық сипаттамаларын жоғалтпайды. Монтаждалған панельдердің тазалығын сақтау оңай, шаң мен кірді агрессивті емес жуғыш заттармен оңай тазалауға болады. Панельдерді басқа материалдармен үйлестіру және түстердің кең гаммасы кез келген ерекше дизайндық шешімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
«Агран» ЖШС металл қалыңдығы 0,5 мм болғанда ұзындығы 3 метрге дейін, ал металл қалыңдығы 0,7 мм болғанда ұзындығы 6 метрге дейінгі қасбеттік панельдерді дайындайды..
Қасбеттік панельдер