Біздің компания жобалаудан бастап тез тұрғызылатын ғимараттарды салуға және ішкі әрлеу жұмыстарына дейінгі толық циклді орындайды.
«Агран» шатыр орталығының құрылыс бөлімшелері жеке өндірістік базада дайындалатын жеңіл металл құрылымдары мен қоршаулардан тез тұрғызылатын ғимараттардың құрылысын жүзеге асырады.
Өндірістің негізін айнымалы қималы рамалық металл құрылымдары құрайды. Оның ішінде металл құрылымдарының құнын және металл сыйымдылығын төмендетуді қамтамасыз ететін жұқа қабырғалы 12 метрлік шатырлық және қабырғалық прогондар (арқалықтар) бар.
Қабырғалық қоршаулар бірнеше нұсқада орындалуы мүмкін:
⁃ Профильді қаңылтырдан, сайдингтен немесе қасбеттік панельден. Жылу оқшаулағыш ретінде кейіннен бу-гидрооқшаулағышы төселетін минералды мақта плиталары қолданылады;
⁃ Базальтты отқа төзімді толтырғышы бар жылу оқшаулағыш үш қабатты «сэндвич» панельдерін қолдану арқылы.
Біз келесі материалдармен жұмыс істейміз: ламинатталған ЖАТ (ДСП), пластик панельдер, МДФ панельдері, профильді қаңылтыр, гипсокартон, ағаш қаптама (вагонка).