Бүгінгі таңда ішінде шыны мен айнадан жасалған бұйымдары жоқ интерьерді кездестіру мүмкін емес. Сатылар, едендер, бөлмеаралық есіктердегі өрнекті шынылар немесе қабырғадағы айналар — осының бәрі шыны өнеркәсібінің өнімінен жасалуы мүмкін. Бұл элементтер кеңістіктің визуалды түрде кеңеюіне, интерьерде жарықтың көбеюіне ықпал етеді, бөлменің жоспарлануын айқындай түседі, сонымен қатар дизайнға жаңа леп береді.
Интерьерде табақ шыны өте ұзақ уақыттан бері қолданылып келеді. Бұлар — бөлмеаралық есіктер, жиһаз есіктері мен стеллаждар. Жиһаздың айналы қасбеттерін шебер қолдану, сондай-ақ сәндік мүсіншелер, бөлме қабырғаларындағы композициялар мен құрамдас шыны фигуралар арқылы Сіз үйіңізде жайлылық пен жұмбақ атмосфера қалыптастыра аласыз.
Айналардың арқасында біз бөлме кеңістігін үлкейте де, кішірейте де аламыз. Соңғы жылдары интерьер дизайнерлері шыны мен айнаны өзара тамаша үйлестіріп жүр, бұл ерекше әрі жарық әсерлеріне толы интерьер жасауға мүмкіндік береді.
Біз Сіздерге әрқашан мыналарды ұсынуға қуаныштымыз: Өрнекті, күңгірт (матовое), рең берілген (тонированное) және түрлі түсті шынылар;
Стандартты, түрлі түсті және өрнекті айналар. Барлық өнімдер табақ түрінде де, Сіздің өлшемдеріңіз бойынша кесу арқылы да сатылады.
Өрнекті шыны және айналар